Жамбыл облысы Байзақов ауданының тұрғыны полиция бөліміне хабарласып құмнан күдікті зат тауып алғанын айтқан, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, авиациялық снарядқа ұқсас зат тапқан. Содан кейін оқиға орнына полиция департаментінің саперлері, ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары шақырылған.
«Оқиға орнына келген саперлер снарядты зерттеп, оның 1962 жылы шығарылған «ФАБ 500м-62″ авиациялық бомбасы екенін айтты. Оның салмағы — 500 келі, ұзындығы 2,5 метрге жетеді, ол кез келген минутта 200 метрге дейін жарыла алады. Бомбаны одан әрі залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті», — дейді полиция департаменті.
Полицияға қауіпті бомба туралы хабарлаған ер адамды марапаттау туралы ұсыныс жасалды.