Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну бойынша нәтижелер белгілі болды. Бір орынға ең көп үміткерлер Жамбыл ауданында. Онда бір орынға 4,2 адам ұсынылды. Ал облыстағы орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 адамды құрады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты.
Оның айтуынша, Жамбылда сайлау процесі басталғаннан бері ауылдық округ әкімдеріне 122 кандидат ұсынылды. Ал 9 шілде ұсыну мерзімі аяқталған күні әр округке екіден көп кандидаттар ұсынылған.
Ұсынылған кандидаттардан 76 адам (62%) — саяси партиялардан болса, 46 адам (38%) — өзін-өзі ұсынғандар саналады.
«NurOtan» партиясынан 31 кандидат (40,7%), «Ауыл» ХДПП – 16 кандидат (21,0%), «Ақ жол» ҚДП – 16 кандидат (21,0%), «АDAL» саяси партиясынан – 2 кандидат (2,6%), ҚХП – 11 кандидат (14,7%), ЖСДП – 0 кандидат. Ұсынылған 122 үміткердің орташа жасы 39,8 жасты құрайды. Ал 25 үміткер (20,4%) әйелдер», — деді С.Айдапкелов.
Брифингте тілшілер кандидаттардың кәсібі бойынша кімдер екенін сұрады. Спикердің айтуынша, олардың 56-сы мемлекеттік қызметшілер, бюджет саласының жұмыскерлері — 36, коммерциялық құрылымдардың жұмыскерлері — 7, жұмыссыздар — 5, ауылдық округ әкімдері -14, басқалар — 4-еу болған.
Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Ол 2021 жылы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркегеннен кейін сайлау алдындағы үгіт басталып, сайлау күні алдындағы күннің 00 сағатында аяқталады. Яғни, 15.07-23.07.2021 жылы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі