Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады.
Екі оқжатары бар «АКС-74У» автоматы, 9 мм калибрлі «ME-38 Marchal» травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді.
Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.