Жамбыл облысында жезөкшелікпен айналысатын притон жойылды, — деп хабарлайды Жамбыл облысы ДП баспасөз қызметі.
Жаңатас қаласында Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притон ашқан 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлімі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам кінәсін мойындады.
Сонымен қатар, 12 адам ҚР ӘҚБтК 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК 450-бабы 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша құқық бұзушылық анықталған.
Бір адам «сутенер» ретінде, екі әйел жезөкшелікпен айналысқаны үшін тіркеуге алынды.