Қорғаныс министрлігі «Заңды тұлғалардың көлік құралын оқу-жаттығуға тарту туралы» қаулы әзірледі, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, жұмылдыру тапсырмасына сәйкес 2023 жылы оқу-жаттығуларға заңды тұлғалардың 36 техникасын тартатыны жазылған.
Қорғаныс министрлігі берген түсініктеме бойынша, жоба мақсаты – заңды тұлғалардың көлік құралдарының техникалық жай-күйін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жеткізуге әзірлігін тескеру.
Қаулы 6 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.