Жамбыл облысында 3-сынып оқушыларын зорлау оқиғасы тергеліп жатыр, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны тоғыз жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Ал тергеуде анықталғандай, оқиға наурызда қараусыз қалған ғимаратта болған. Оқиға туралы зардап шеккендердің бірінің анасы хабарлады. Оның тоғыз жастағы ұлы ауруханаға түскен, сол кезде дәрігерлер бала ауыр жарақат алғанын анықтаған.
Күдікті балаларды ата-анаңа күш көрсетемін деп қорқытқаны анықталды. Шу ауданының тұрғындары ұсталған ер адам жергілікті мешіттердің бірінде имамның көмекшісі болғанын айтып отыр. Бірақ бас имам бұл деректі жоққа шығарып, қоластында ондай қызметкер мүлдем болмағанын жеткізді.