2022 жылдың 18 қазанында сағат 22:10 шамасында Тараз қаласы Тәуке хан көшесінің бойында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін «Фольксваген гольф-4″маркалы автокөлігiн тоқтатты.
Жүргізушімен әңгімелесу барысында оның мас күйде екені байқалды. Сараптама қорытындысы жүргізушінiң «орташа» дәрежедегi мас күйінде көлік жүргізгенiн растады.
Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде әкімшілік соттың 2021 жылғы 16 наурыздағы шешімімен ер адам 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқаруы)сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Жамбыл облысының Полиция департаменті мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады және жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.