2022 жылдың 27 шілдесінде Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аумағында «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөнінде көшпелі комиссия құрылған болатын.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 30 гектар жерден шабу арқылы 27 тонна жабайы сора өртелінді.
Жалпы, профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 60 тоннаға жуық жабайы қарасора жойылды.