Көрген кезде жігерлендіріп, бойымызды ерекше сезімге бөлейтін рәміздеріміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды.
Рәміздерімізді қастерлеу Сіз бен Біздің ортақ парызымыз!
«Әскери медиа» жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек, қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады.
Бұл іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясындағы «Әскери медиа» шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр.