Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 21 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университеті Наурыз тойын тойлады

      20.03.2026

      Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

      20.03.2026

      Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

      19.03.2026

      Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

      19.03.2026

      Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстан–Пәкістан: Исламабадта қазақ спорты таныстырылып жатыр

    Қазақстан–Пәкістан: Исламабадта қазақ спорты таныстырылып жатыр

    Спорт 03.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазіргі уақытта Пәкістанның Исламабад қаласында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен жетекші спорт федерациялары өкілдерінен құралған делегацияның жұмыс сапары өтіп жатыр. Сапар Пәкістан Ислам Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапарға дайындық аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – Қазақстан мен Пәкістан арасындағы спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске қосу және спорттық дипломатияны дамыту.

    Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауржан Рапиков, министрлік өкілдері, сондай-ақ грэпплинг, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат және бокс федерацияларының басшылары мен танымал спортшылар бар. Делегация қатарында әлем және Азия чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де қатысып жатыр.

    Бүгін, 3 ақпанда, Исламабад қаласындағы Pakistan Sports Board базасында орналасқан Қазақстан–Пәкістан «Dostyq» спорт орталығының салтанатты ашылуы өтуде. Ашылу рәсімі аясында екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалып, Пәкістанның межпровинциялық үйлестіру жөніндегі федералды хатшысы мен ҚР Туризм және спорт вице-министрі құттықтау сөз сөйлеуде. Сонымен қатар қазақстандық және пәкістандық спортшылардың көрсетілімдік белдесулері ұйымдастырылып, шахмат пен тоғызқұмалақ сыныптарының жұмысы таныстырылып жатыр.

    Сапар барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қою жоспарланған. Атап айтқанда, Қазақстан–Пәкістан «Dostyq» спорт орталығын құру туралы меморандум, 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралардың жол картасы, сондай-ақ қазақ күресі мен кабадди федерациялары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылмақ.

    Ресми кездесулермен қатар, қазақстандық делегация Исламабад қаласындағы «Лок Вирса» халықтық мұра музейін және Пәкістан монументін аралап жатыр. Сондай-ақ пәкістандық тараптың ұйымдастыруымен ресми қабылдаулар мен жұмыс кездесулері өтуде.

    Аталған жұмыс сапары Қазақстан мен Пәкістан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде ілгерілетуге, бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

    Пәкістан ұлттық спорт

    Оқылып жатыр

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

    13.03.2026

    Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке ота жасалды

    12.03.2026

    IBF ұйымы Жәнібек Әлімханұлынан чемпиондықтан айырды

    11.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.