Close Menu
    Оқылып жатыр

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

    06.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 7 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026

      Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

      06.04.2026

      Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

      06.04.2026

      Абай болыңыздар: Алматыда «жасырын патрульдер» жолға шықты

      06.04.2026

      Сарбаз өлімі: «Үстірт» шекара бөлімшесінің басшысы 2 жылға сотталды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » 1994 жылы құрылған Бесағаш ауылдық округтың жайы қандай?

    1994 жылы құрылған Бесағаш ауылдық округтың жайы қандай?

    Өңір тынысы 25.08.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бесағаш ауылдық округі
    Егін егіп, мал бақса — ел тоқ
    Тілші: – Ауылым – алтын бесігім,
    Айтшы, оның иесі кім?
    Әкім: – Халық!
    Осы менің кесімім.
    Шындығында, ауыл мен халық – мемлекеттің өзегі. Өз шаттығы, өз қуанышы бар, — деп хабарлайды Жамбыл ауданы баспасөз қызметі

    Шаттықтың шуағына бөленіп, қуаныштың құшағына енген Бесағаш ауылдық округінің кешегісі мен бүгінгісін және ертеңін мақаламызға арқау етпек болып қолымызға қалам алып, иығымызға фотоапарат асынып Бесағаш ауылына келгенбіз. Мақсат – округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайына зер салу әрі көрген-білгенімізді газет бетіне түсіру. Оны біз Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Нигматуллаевтың өз аузынан естігіміз келген. Естідік. Көрдік.

    1994 жылы құрылған округтің аумағы 19136 гектарды құраса, оның 18172 гектары ауыл шаруашылығына тән, 2176 гектары – егістік жер. Округ Бесағаш және Түрксіб елді мекендерінен тұрады. Жалпы халық саны – 6820 адам. Аула саны – 1336. Округ аумағында тұратын ұлт өкілдерінің ынтымағы жарасқан. Бәрі де белсенді.

    «Ауылына қарап азаматын таны» десек, ауылдарымыз жылдан жылға көркейіп, дамып келеді. Алдымен әлеуметтік салаға тоқталсақ, округ бойынша бір ауылдық клуб, екі кітапхана, екі орта мектеп (оған жақында пайдалануға берілетін №6 мектеп-лицейін қосыңыз), бір мемлекеттік бөбекжай, 1 шағын орталық, бір спорт мектебі және екі дәрігерлік амбулатория бар.

    Біздің ең алдымен ойлайтынымыз – адам факторы, яғни, олардың тұрмыстық жағдайының төмендемеуі, жұмыссыздықты жою, кедейшілікті болдырмау, халықты тұрақты жұмыспен қамтып, техникалық және кәсіптік білім алуына кең жол ашу болса, бұл тұрғыда айтарым, өткен алты айда 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 10 адам жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. 251 адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатында. Тұрғын үй жәрдемақысын алушы отбасы – 31, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар – 11, зейнеткерлер – 657. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейінің көрсеткішіне келсем, 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейі 71,4 пайызды құраса, 3-6 аралығындағы балалар 79,1 пайызды құрап отыр.

    Округтегі шаруашылықтар негізінен егіншілікпен айналысады. Жекелеген шаруашылықтар мал ұстайды. Округте 2 өндірістік кооператив, 133 шаруа қожалығы бар. Егістік көлемі 2202 гектарды құраса, оның 295 гектары бидай, 265 гектары арпа, 10 гектары қант қызылшасы. Картоп 60 гектар, көкөніс 110 гектар, бақша 3 гектар және мал азығы 312 гектарға орналастырылып, оның пісіп-жетілгендері жиналып алынды. Сондай-ақ округте 2912 бас мүйізді ірі қара, 7967 бас қой-ешкі, 1997 бас жылқы, 4885 үй құсы бар. Мал төл есебінен көбейетінін ескерсек, жыл сайын мал басы артып келеді.
    Ауыл шаруашылығы жайында әңгіме қозғалғаннан кейін, 2019 жылдың 20 қазанында құрылған «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативі туралы айтып кеткен жөн болар.

    «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өмірге келген «Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасына қатысқан ауыл тұрғындарынан сұрай қалсаңыз, «Ауыл – берекенің бастауы», «Басымызға бақ қонды» деуі мүмкін. Бұл – шындық. Өйткені, осы жобаға қатысуға мүмкіндік алған облысымыздағы он бір ауыл шаруашылығы кооперативтерінің бірі – осы біздің «Іске сәт» кооперативі.

    Атына заты сай құрылымның ісі сәтті басталды. Жобаға 1176 ауланың 1117-сі қатысып, 280 құжатқа 892,1 млн теңге несие алып, бес бағыт бойынша, яғни үй іргесіндегі жерді және тұрғындардың аула сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану, кооперативтерді жабдықтау немесе құру (техника алу) жолындағы ұйымдастыру жұмыстары сәтті аяқталып, бүгінде мал ұстап, егін еккен де, кәсіппен айналысатындар да істерін дөңгелетіп отыр. Олар ауыл шаруашылығына қажетті 22 техникаға қол жеткізді. Аулаларына қызанақ, сарымсақ, картоп, пияз, жүгері және басқа да дақылдарды ексе, ауласында мал ұстайтындар сиыр, бұқашық, жылқы, қой, үй құсын 2,5 пайыздық несиемен алды. Ауыл сыртында да еңбек көрігі қызып, дала дүбірге бөленді.

    Несиеге қол жеткізгендер үшін өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге жол ашылды. Мәселен, Мухтавар Парпиев 1860000 теңге несие алып, кондитерлік цех ашты. Сондай-ақ «Қонақбай» жеке кәсіп иесі Болат Жараров өзінің ағаш өңдеу цехын кеңейтіп, ауылдың бес тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отырғаны бар. Болат Галиоллаұлы – мейірімді, қайырымды жан. Ол биыл ғана қолға алынған «Асарлатып үй салу» игі бастамасы негізінде Бесағаш ауылында бой көтере бастаған тұрғын үйді ағашпен қамтып отыр. Құрылысы енді басталатын Түрксіб ауылындағы тұрғын үйді де ағашпен қамтуға ниеттенген. Осындай қолы ашық, жаны жомарт жігіттерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Негізі, ауылымызда жомарт жандар жетерлік.
    Бізде егінсу мәселесі толық шешілген. Оған бұлақ суын қосыңыз. Бұлақ демекші, ауыл орталығынан 6 шақырым жердегі «Бесағаш әулие бұлағы» – ем іздегенге таптырмас орын. Мұнда келушілер көп. Ауыл қарияларының айтуынша, мұнда 1000 бұлақтың көзі бар. Қазіргі күнде осы бұлаққа күтім жасауға ниеттеніп отырмыз. Әрине, алдымен жол, көпір керек. Айналма жолға шағал тас төселгенімен, төте жол салу үшін Бесағаш-Қарасу каналынан көлік өтетін көпір салу керек еді. Көпір салынды. Енді, жол жөндеу және бұлақ маңайын тазалау, абаттандыру және алаң тұрғызу жұмыстары қалды. Бұл жерге жуырда ғана аудан әкімі Сәкен Арубаев келіп, тірлігімізді құптап кеткен. Көмектесуге де сөз беріп, бізге бірқатар тапсырманы жүктеген болатын. Бүгінде сол тапсырмаларды тиянақтаудамыз.
    Ауыл туралы әңгіме таусылмақ емес. Округ бойынша 48 көше бар. Оның 6-уына жарық орнатылса, 11 көше асфальтталған. Ауызсу мәселесі келесі жылдың жоспарына енгізілді. Қалған көшелерге асфальт төселмей отырғаны келесі жылы бұл көшелерде инфрақұрылым жұмысы жүргізілетіндіктен, жұмыс уақытша тоқтап тұр.

    Қорыта айтқанда, егін егіп, мал баққан бесағаштықтар әлі талай биікті бағындыратыны даусыз. Осындайда бабаларымыздың мына бір сөзі еске түседі.
    Жаңбыр жауса – жер тоқ,
    Егін ексе – ел тоқ,
    Бұлақ ақса – көл тоқ, еңбек етсе – ер тоқ, – демекші, елі тоқ, бұлағы көп, ауылым десе бар күш-қайратын жұмсайтын ауылдың ақылман ақсақалдары, айтулы ағалар, ақжаулықты апа-әжелер, жалынды жастар ауылдарымыздың көркейіп, әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алатынына кәміл сенеді.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

    06.04.2026

    Абай болыңыздар: Алматыда «жасырын патрульдер» жолға шықты

    06.04.2026

    Сарбаз өлімі: «Үстірт» шекара бөлімшесінің басшысы 2 жылға сотталды

    06.04.2026

    Алты жылға сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын бостандық көре ме?

    06.04.2026

    Атыраудағы BINOM мектебінің маңында оқушы қызды көлік қағып кетті

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.