2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қалай өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Парламент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті. Соған сәйкес мынадай өзгерістер болады:
- АЕК — 4 325 теңге (2025 жылы 3 932 теңге).
- Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — 85 000 теңге (өзгеріссіз).
- Ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге (2025 жылы 62 771 теңге).
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге (2025 жылы 32 360 теңге).
- Ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге (2025 жылы 46 228 теңге).
АЕК мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
