Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 8 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда жыл соңына дейін 100 қоғамдық көлік жаңартылады

    Таразда жыл соңына дейін 100 қоғамдық көлік жаңартылады

    Өңір тынысы 28.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Таразда қалалық бағыттар бойынша автобустарды жаңалау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Өткен жылы қала автопарктері 71 бірлік немесе 15 пайызға жаңа автобустармен қамтылған болса, ағымдағы жылдың соңына дейін 100 автобуспен немесе 21 пайызға жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков айтып берді. Сондай-ақ ол қаладағы барлық 670 автобустың 213-інің тозығы жеткенін, пайдалану мерзімдері 7 жылдан асқандығын жеткізді.

    Басқарма басшысы қоғамдық көлікпен қамтылмаған елді мекендерге автобус қатынасы ұйымдастырылып жатқанын да тілге тиек етті.

    «Ауданаралық автобус маршруттарына оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, бірін-бірі қайталайтын бағыттар саны қысқартылып, оның орнына қоғамдық көлікпен қамтылмаған елді мекендерге автобус қатынасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 84 ауданаралық бағыттан 72 нақты қажетті бағыттар қалды», — деді Бақытжан Жәнібеков.

    Шаһардағы 80 пайызы автобустардың пайдалану мерзімі 7 жылға дейін рұқсат етілген болса, олардың басым көпшілігі уақытына жетпей жатып сыр бере бастаған. Ал соңғы бір айда 42 жолаушылар көлігі жұмыстан шеттетілді. Тасымалдаушы мекемелер келісімшарт бойынша 2 жыл сайын көліктердің 20 пайызын жаңалауға міндетті. Алайда олардың бірқатары бұл талаптарды орындамай отыр. Нәтижесінде жергілікті тұрғындар тозығы жеткен қоғамдық көліктермен қатынауға мәжбүр.

    Айта кету керек, өңірде автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары да жиілеген. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес соңғы 7 айда осындай 27 дерек тіркелген. Салдарынан 17 адам опат болып, 97-сі жарақат алды.

    «Көбі 2013-2014 жылғы. Олардың барлығы мына Қытай зауытынан шығарылған автокөліктер. Пайдалану мерзімдері әлі 5-6 жыл болғанның өзінде де бүгінгі таңда тозығы жеткендігін білдіріп жүр. Осы мәселе бойынша тасмалдаушы мекемелерге міндеттер қойылған. Бүгінгі таңда бұл жоспар тасмалдаушымен толық орындалып отыр. Ал тасмалдаушылар бұл талаптарды орындап жатқан жоқ», — дейді қалалық көлік және жолаушы тасымалы секторының меңгерушісі Ғабит Алтаев.

    автобус қоғамды көлік Тараз

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.