Қытайда коронавирус тарай бастаған кезде Ухан қаласында салынған уақытша ауруханалардың бәрінен емделушілер үйіне шығып кеткен. Осыған байланысты барлық 14 аурухана жабылды, — деп хабарлайды CCTV агенттігі Твиттер әлеуметтік парақшасында.
Стадиондар мен көрме орталықтарына орналасқан медициналық мекемелер демалыс режиміне көшті.
10 наурыз күні Уханға ҚХР басшысы Си Цзиньпин арнайы келген. Ол COVID-19 вирусымен күрес бойынша жергілікті билік қабылдаған шаралармен танысып, дәрігерлермен, әлеуметтік жұмыскерлермен және әскери қызметкерлермен кездескен еді.