Түркістан облысында орналасқан «СG Food Central Asia» ЖШС «халал» стандартымен «Wai Wai» атты тез дайындалатын кеспе өндіруде. Аталмыш кәсіпорында тәулігіне 80 мың кеспе шығарылады.
«Халал» стандарты бар кеспе өндіру бойынша кәсіпорын кәсіпкерлікті қолдау картасына енген. Мұнда кеспенің 8 түрі шығарылады. Өнім дайындауда отандық шикізаттар қолданылады. Оның құрамында ұн, тұз, сары май, қант және т.б Қазақстан аумағында өндірілетін компонеттер бар.
«СG Food Central Asia» ЖШС-да 85 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, бұл компания Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінде сатылым нарығын қалыптастырған, ал корпорацияның нарығы Үндістан нарығының 70 пайыз қамтиды.
Атап өтерлігі бұл кәсіпорын непал инвесторларының қолдауымен ашылды.