Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 7 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Facebook-те жарияланса ғана іс жүре ме? Таразда коронавируспен күрес қалай жүріп жатыр

    Facebook-те жарияланса ғана іс жүре ме? Таразда коронавируспен күрес қалай жүріп жатыр

    Жаңалықтар 28.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Нұраддин Рақай коронавирус жұқтырған. Бұл туралы оның жары Маржан Рақай Facebook желісінде жазды. Алайда Нұраддин Рақай коронавирусты жұқтырғаны туралы кездейсоқ па әлде жарының әлеуметтік желіде жазба қалдырғаннан кейін ғана ресми түрде жазылған хаттаманы бір апта өткен соң ғана алған.

    «Жолдасым Нурадин Ракай дан коронавирус анықталды деп ауруханада жатқанына бүгін тура жеті күн болды. Ешқандай ауру белгілері жоқ. Тестті 21 мамыр күні күндіз тапсырған. Сол уақытта күні бойы жұмыста жүрді. Түнгі он бір жарымда СЭС мамандары телефонына қоңырау шалып, одан COVID-19 анықталғанын, қазір келіп алып кететіндерін жеткізді. (осы аралықта мен үшін күмән туғызғаны, қорытындының тура сол күні шыға салғаны. Өйткені, байланыста болған біздердің тест қорытындысы екінші күн дегенде әрең шықты) Сап-сау отырған адамнан, отбасымыздың мүшесінен бұл аурудың анықталғаны бізді есеңгіретіп тастады. Содан түнгі он бірден өте келген СЭС, учаскелік дәрігерлер, жедел жәрдем қызметі бар, әйтеуір бірнеше қызметтің көптеген адамдары топырлап жүріп түнгі бірден өте жолдасымды алып кетті», — деп жазды әкім кеңесшісінің жары.

    «Бір қызығы, жатқызылған күннен бастап жолдасыма әлі ешқандай ем-дом жасалып жатқан жоқ. Не дәрі, не укол алмады. Оның да ауруханада жатып анықтағаны, ондағы аурулардың 80 проценті дәл осылай, «безсимптомно» жатқандар екен. Тек қана бақылауда. Белгіленген 14 күннен соң анализің таза шықса, ауруханадан шығарамыз деген. Тағы да күмән туады. Сонда коронавирус ауруханада бақылауда жатқаннан өзінен-өзі емделіп, кетіп қалады ма? Инфекциялық аурухананың талабы бойынша, әрі кви-мен ауырғандарды емлеу талабы бойынша адам жеке оқшаулануы немесе бір күнде түскен адамдармен ғана бір палатада жатқызылуы керек. Ал жолдасым жатқызылған соң бір күннен кейін жанына тағы бір науқасты жатқызған. Оны кейін қайта басқа жаққа ауыстырған. Содан бесінші күн өткенде тағы бір науқасты жатқызбақшы болған. Сонда ауруды оқшаулау дегені қайда қалады? Емдеу ма, әлде бір-біріне жұқтыру ма бұл? Тамағы мен тазалығы туралы айтпай-ақ қояйық…», — дейді Маржан Рақай.

    «Ең үлкен СҰРАҚ… бір аптадан бері бізге жолдасымнан вирус анықталғаны туралы протокол қорытындысы берілген жоқ. Яғни, одан нақты ауру анықталғаны туралы анықтама жоқ. Осы аралықта айта кетейін, онымен қатар жатқан тағы бірнеше азамат та дәл солай жатқызылыпты. Тест тапсырылған күні телефонмен хабарлап, апарып жатқыза салған. Яғни, анықтамасы көрсетілмеген.
    Біздер қоймай сұрап, талап еткенде берген анықтамалары мынау. Бұл «құжаттары» да нағыз жалған құжаттар екенін кез-келген сауатты адам ажырата алады деп ойлаймын. Біреуі дерек-дәйегі жоқ, ештеңеге жарамыз ақ парақ, екіншісі аталған азаматтан ауру анықталғанын хабарлау туралы қағаз. Яғни, ауру анықталғанын растайтын құжат емес. Өзі мемлекеттік қызмет этикасын сақтап, әрі дәрігерлердің нұсқауы мен талабын сақтап бір апта бойы жатты. Бірақ мұндай келеңсіздікті жасырып жата беру азаматтығыма сын деп отыр», — деп жазды шенеунікті жары.

    «Осы орайда коронавирус анықталды деп емделіп жатқан және емделіп шыққан барша азаматтан өздерінен ауру анықталғаны туралы протоколды талап етуді сұраймын! Азаматтардың «Корнавирус жоқ» деуіне осындай жағдайлар себеп болуда ғой сонда», — дейді ол.

    Tarazy.kz тілшілері Нұраддин Рақайдың өзіне хабарласып мән-жайды сұрап білді. Расымен шенеуніктің ауруханада жатқанына бір аптадан асыпты.

    «Жаңа ғана «науқас Нұраддин Рақай коронавирус жұқтырды» деген қағазды қолыма ұстатты. Бір апта бойы ешқандай ем-дом болмады. Қарапайым гигиеналық қорғаныш заттарын да бермеді. Өз үйімде жатып оқшауланғаным жөн болар еді, үйде антисептик дегеннің түрі-түрі бар. Бір апта ішінде жанымда жатқан адамды екі рет ауыстырды», — деді Нұраддин Рақай.

    коронавирус Тараз

    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.