Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 28 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026

      Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

      27.07.2026

      Мұнай бағасы күрт төмендеді

      27.07.2026

      Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

      27.07.2026

      Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

      25.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бердібек Сапарбаев тараздық 13 жастағы жетім баланы қамқорлығына алды

    Бердібек Сапарбаев тараздық 13 жастағы жетім баланы қамқорлығына алды

    Өңір тынысы 03.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жұма күні Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша «Мейірім» жобасының тұсаукесері өтті.

    Облыста 18 жасқа дейінгі барлығы 433 мың бала тұрады. Оның ішінде 1352 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы әлеуметтік санатқа жататын 113 бала облыстың мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.Жобаның тұсаукесеріне келген қонақтар алдымен  Жастар сарайыың фоесінде әзірленген өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықтың балаларына арналған суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты.

    — Бізде барлығы  70 бала бар, олардың 49-ы осы «Мейірім» жобасына енді, ал бүгін көмекке мұқтаж алты бала шараға қатысуда, — дейді өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Айжан Мейірханова.

    «Мейірім» жобасының тұжырымдамасына сәйкес 134 жетім бала облыстың 87 мемлекеттік мекемесі мен ірі кәсіпорындарының басшыларына бекітілген. Мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың басшылары бұл балаларды одан әрі әлеуметтік қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасайтын болады. Атап айтқанда, олар балалардың тұрғын үй жинақ шоттарын кезең-кезеңімен толықтыруды ұйымдастырады және жан-жақты қолдау көрсетеді. Демеушілер балаларды тұрақты жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.«Бүгінгі күнге дейін әлеуметтік бейімдеу, білім беру және жұмыспен қамту, отбасын құру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнайы мекемелердің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары өзекті болып қалып отыр», — деді таныстырылым барысында өңірлік жоба бастамашысы Бердібек Сапарбаев.

    Бұл ауқымды жобаның  мақсаты – әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту. Тарихқа зер салсақ, Ұлы Далада ешқашан жетімдер болған емес, алайда, ұжымдастыру, жаппай қуғын-сүргін және халықтардың Қазақстанға жер аударылу, соғыс кезеңіндегі қиындықтар жетімдік жағдайларын тудырды. Ал бүгінгідей тыныш әрі бейбіт, тоқшылық кезде біз балаларымыздың ешқайсысына жетімдік тауқыметін тартқызбауға тисіпіз, баршамыз бірге оларға қамқорлық тантуымыз керек.

    Жобаның бастамашысы ретінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі, 6-сынып оқушысы Альбина Қадыроваға өмірлік қолдау жөніндегі әлеуметтік келісімшартқа бірінші болып қол қойды. Басқа балалар бойынша осындай келісімдерге ірі кәсіпорындардың басшылары мен аймақтағы беделді тұлғалар да қол қойды. Олардың қатарында «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров, «Алтайс Групп» ЖШС директоры Әлімбек Жұмабаев, «Арайстроймаркет-2003» ЖШС директоры Арман Еділбаев, «Гаугартас» мейрамханасының директоры Меруерт Лештаева және тағы басқалары бар.

    Осы келісімдер аясында бес балаға миллион теңгелік сертификаттар табысталды. Бұл ақша олардың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ындағы тұрғын үй және жинақ шоттарына түседі. 18 жасқа толғаннан кейін орталық тәрбиеленушілері оларды жеке тұрғын үй сатып алу үшін пайдалана алады. Оған дейін олардың қамқоршылары мүмкіндігінше осы шотты толтырып отырады.Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Бердібек Сапарбаев

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

    27.07.2026

    Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

    25.07.2026

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

    25.07.2026

    Даму қорының басшылары 315 млн теңге сыйақы алған

    25.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.