Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11.11.2025

    Саяси элитадағы ағайындылар

    10.11.2025

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 11 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде агробиостанция ашылды

      11.11.2025

      Саяси элитадағы ағайындылар

      10.11.2025

      Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

      06.11.2025

      «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

      06.11.2025

      Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

      06.11.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай университетінде агробиостанция ашылды

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    Жаңалықтар 11.11.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми түрде іске қосты. Ашылуына университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қатысып, заманауи агробиостанцияның лентасы салтанатты түрде қиылды. Бұл жаратылыстану және география факультетінің білім алушыларына зерттеужұмыстарымен айналысып, тәжірибе жасауға жасалған үлкен мүмкіндік.

    Студентердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған Агробиостанция Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылында орналасқан. 38 гектардан астам аумақты қамтитын кешен студенттерге оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізуге, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және жаңа агротехнологияларды сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Заманауи оқу-зертханалық базада зертханалар, 60 адамға арналған жатақхана, асхана, жуынатын бөлмелер, спорт алаңдары мен көлік тұрағы қарастырылған.

    «Бүгін – университетіміз үшін маңыздытарихи күн. Себебі, білім ордамыз тағы да бір жаңа нысанмен толықты. Бұл – университетіміздің зерттеу жоғары оқу орнынажасалған үлкен қадам. Агробиостанция – теория мен тәжірибенің синтезі. Сондықтан, мұндай нысанның ашылуы университетіміздегі ғылымның дамуына септігін тигізеді. Болашақта бұл жерде тәжірибелік жұмыстар, ғылыми зерттеужұмыстары қызу жүреді деп сенемін», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Болат Тілеп.

    Жаратылыстану және география факультетінде оқитын студенттер агробиостанцияда тәжірибелік сабақтармен айналысып, магистранттар мен докторанттар ғылыми зерттеулерін жүргізеді. Жобалар топырақ пен су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын зерттеу, биология, экология, география секілді оқу бағдарламалары бойынша жаңа технологияларды сынау т.б. бағыттар бойынша өткізіледі.

    «Бүгін Жаратылыстану және география факультеті үшін ең қуанышты күн. Білім алушылар үшін теория мен тәжірибені үйлестіріп, білімін тереңдетіп, ғылымға қызуғышылығын арттыратын база пайда болды. Инфрақұрылымдық үлкен базада студенттер менжетекшілердің ғылыммен айналысуына қолайлы жағдай жасалған. Агробиостанцияның жұмысын жандандырып, ғылыми-әдістемелік орталыққаайналдыру біздің ұжым мен студенттердің қолында деп ойлаймын», – деді Жаратылыстану және география факультетінің деканы КүләшКаймулдинова.

    Кешен табиғи-географиялық тұрғыдан қолайлы аймақта орналасқан. Гидрогеологиялық зерттеулер нәтижесінде су ұңғымалары қазылып, егістік алқаптарын суаруға мүмкіндік жасалған. Абай университетінің Агробиостанциясы оқу-тәжірибе базасы ретінде қызмет етеді және студенттердің кәсіби дайындығын қолдауға бағытталған.

    Сонымен қатар, тұсаукесер рәсімінде «Таза Қазақстан» акциясының аясында көгалдандыру мен экологиялық табиғи ресурстарды байыту мақсатында «Іле Алатау» ұлттық паркі 100 түп ағаш көшетін сыйға тартты. Агробиостанцияның ашылуында университет басшылығы мен оқытушы-профессорлар және студенттер аумаққа жас өсікдерді отырғызып, кешен мүмкіндігімен жан-жақты танысты.

    Абай университеті агробиостанция

    Оқылып жатыр

    Саяси элитадағы ағайындылар

    10.11.2025

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11.11.2025

    Саяси элитадағы ағайындылар

    10.11.2025

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025

    Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

    06.11.2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.