Понедельник, 5 октября

4-11 желтоқсан аралығында Б.Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жолда асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Tarazy.kz

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Осыған байланысты уақытша 1-кіру және 2-шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді. Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.

Exit mobile version