Қазақстанда, оның ішінде Алматы қаласы мен облысында бір күнде үшінші жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Алғашқы дүмпу Алматы тұрғындарын ұйқысынан оятты. Сағат 6:30 шамасында тіркелген. Екінші рет 9:38-де жер сілкінді. Бұл жолғыны тұрғындар қатты сезді. Себебі жер дүмпуі өзгеше болды. «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 қыркүйекте Астана уақытымен 13:53-те үшінші жер сілкінісін тіркеген.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан», — деді ТЖМ өкілдері.
Жерасты дүмпуі былай сезілген:
- Нарынқол ауылында 2-3 балл;
- Кеген ауылында 2 балл.
Еске салайық, алғашқы жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 06:32-де болды. Ал екіншісі 09:38-де тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде болған.

