Вторник, 22 сентября

Алматы облысының Талғар қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп 90 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. 

Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Мектеп тарихы терең әрі шежірелі: бұл білім ордасы бірнеше буын шәкірттерді тәрбиелеп, еліміздің дамуына үлес қосқан көптеген азаматтарды түлетті.

Талғар аудандық Мәдениет үйінде бастау алған Мерейтойлық іс-шара барысында мектептің тарихи дамуы, белгілі түлектердің жетістіктері және ұстаздардың еңбегі атап өтілді. Іс-шараға ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысты. Жиналған қауым мектеп ұжымына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да білім мен тәрбиенің алтын ұясы болуына тілек білдірді.

Мектеп ұстаздарының сахналық көрінісі

Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің 90 жылдық мерекесі – білім беру саласындағы жетістіктерді көрсетуге, сондай-ақ, жас ұрпаққа үлгі боларлық тарихи тұлғалардың мұрасын дәріптеуге арналған айтулы шара болды. Мектеп ұжымы алдағы уақытта да заманауи білім беру мен тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіруді мақсат тұтады. Салтанатты іс-шараның соңы мектеп ұжымы мен оқушылардың өнер көрсетуімен аяқталды.

Exit mobile version