Satbayev University Алматы қаласындағы жетекші медиа өкілдері үшін ашық есік форматында арнайы баспасөз турын ұйымдастырды. Шара аясында журналистер университеттің зертханалары мен технологиялық орталықтарын аралап, жүргізіліп жатқан ғылыми жобалармен танысты.

Қатысушылар жасанды интеллект, пайдалы қазбаларды барлау, энергетика, машина жасау және цифрлық технологиялар бағытындағы студенттік және ғылыми жобалардың жүзеге асу барысын өз көздерімен көрді.
Ерекше назар аударылған нысандар:
- Инжиниринг орталығы (тау-металлургия бағытында),
- Stroytech технопаркі.
Жастар ғылымы – басым бағыт
Бүгінде Satbayev University-де 200-ден астам ғылыми жоба жүргізілуде. Олардың 35%-ында жетекшілік ететіндер – жас ғалымдар. Бұл университеттің ғылыми кадрларды жаңғыртуға және жаңа буын зерттеушілерін қалыптастыруға ден қойғанын көрсетеді.
«Іргелі ғылыммен қатар, біз үшін қолданбалы зерттеулердің маңызы зор. Satbayev University — өндірістегі нақты мәселелерге заманауи ғылыми шешім ұсына алатын инженерлер мен ғалымдарды дайындайтын білім ордасы», — деді университет ректоры Мейрам Бегентаев.
Практика мен технологияны ұштастыру
- цифрлық егіздер,
- смарт-датчиктер,
- деректерді талдау жүйелері арқылы
жабдықтардың ақауларын алдын ала болжау тәсілдерін меңгеріп жатыр.
Ғылым ашық және қолжетімді
Баспасөз туры Satbayev University қабырғасында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің ашықтығын, ал студенттік жобалардың тәжірибеге жақындығын айқын көрсетті. Бұл шара журналистерге заманауи инженерлік шешімдердің қалай пайда болатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.