Әлеуметтік желілерде қаза тапқан жасөспірім туралы ақпарат тарады. Ол ғимараттың шатырынан құлап, көз жұмған, деп хабарлайды Tarazy.kz
Қайғылы жағдай 27 қаңтар күні Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің маңында болған. Куәгерлердің сөзінше, марқұмның жанынан қоштасу хаты табылған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған деректі растады. Ведомство мәліметінше, оқиға бойынша Бостандық ауданында қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта жасөспірімнің қаза болу себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
