Алматылық «Қайрат» грекиялық клубқа есе жіберді, деп хабарлайды Tarazy.kz
2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен «Қайрат» пен Олимпиакос» ойыны аяқталды.
Матч 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Матчта жалғыз әрі жеңісті голды «Олимпиакос» сапынан 73-минутта Желсон Мартинш соқты.
Осы жеңісінің арқасында грекиялық ұжым Чемпиондар лигасында 5 ұпай жинап, турнирлік кестеде 26-орынға көтерілді. Ал «Қайрат» 1 ұпаймен 35-орында тұр.
