2024 жылға арналған табыс декларациясына сәйкес, сол кезеңде Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған Ерболат Досаев өзінің жылдық табысын 14 млн теңге деп көрсеткен, деп хабарлайды Tarazy.kz
Ал оның жұбайының сол жылғы табысы 2,34 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш шенеуніктің өз табысынан бірнеше есе жоғары.
Аталған мәліметтер 2024 жылға арналған жеке тұлғалардың табыс декларациясында көрсетілген. Ерболат Досаев бұған дейін Алматы әкімі, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы және Ұлттық экономика министрі қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.
