Суббота, 26 сентября

Үш жаңа ақылы жол учаскесінде бір айда жарты миллионнан аса көлік жүріп өткен, деп хабарлайды Tarazy.kz

Олар жақында ғана ақылы режим енгізілген Қарағанды — Балқаш — Бурылбайтал, Бұрылбайтал — Күрті және Талдықорған — Өскемен жолдары.

Көлік ағынының ең жоғары көрсеткіші Қарағанды — Балқаш — Бұрылбайтал бағытына тиесілі. Бұл учаскеде бір айда 290 мың көлік тіркеліп, жалпы көрсеткіштің шамамен 55 пайызына жеткен. Ал Талдықорған — Өскемен бағытында 181 мың көлік жүріп өткен. Бұл жалпы көлемнің 34 пайызына жуық. Бұрылбайтал — Күрті учаскесінде алғашқы айда 58 мың көлік тіркелді.

Осылайша, үш жаңа ақылы жол учаскесі бойынша бір айдың ішінде жарты миллионнан аса көлік қатынағаны анықталды.

Айта кетейік, Қарағанды — Балқаш — Бұрылбайтал және Бұрылбайтал — Күрті учаскелерінде ақылы жүйе 10 шілдеде, ал Талдықорған — Өскемен бағытында 11 шілдеде енгізілген болатын.

Exit mobile version