Көпшілікке Jah Khalib атымен танымал әнші Бахтияр Мамедовтің Ақтөбе қаласында жоспарланған ән кеші өтпейтін болды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Сенімді дереккөздің мәліметінше, әншінің концертін өткізбеу туралы шешімді жергілікті әкімдік хабарлаған. Одан бөлек, инсайдтық дерек бойынша Jah Khalibтің Қазақстан аумағында болатын барлық жеке концерті өтпейді.
32 жастағы әнші Қазақстан мен Ресейге, ТМД аумағында танымал репер. 2022 жылы Ресей мен Украина қақтығысы кезінде Киевте қалып қалған. Өзінің мәлімдеуінше, жары — украин ұлтынан. Құрсаудан аман шыққан соң, украиндықтардың қамқорлығы мен кең пейілдігін айтам деп Ресейдегі концерттері өтпей қалған.
Естеріңізде болса, жуырда түбі әзербайжандық Ресей әншісі Akmalдың Қазақстандағы концерттері өтпей қалған.
