Көпшілікке Jah Khalib атымен танымал әнші Бахтияр Мамедовтің Ақтөбе қаласында жоспарланған ән кеші өтпейтін болды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Сенімді дереккөздің мәліметінше, әншінің концертін өткізбеу туралы шешімді жергілікті әкімдік хабарлаған. Одан бөлек, инсайдтық дерек бойынша Jah Khalibтің Қазақстан аумағында болатын барлық жеке концерті өтпейді.

Естеріңізде болса, жуырда түбі әзербайжандық Ресей әншісі Akmalдың Қазақстандағы концерттері өтпей қалған.