Автор: admin
2020 жылғы 8 желтоқсанда сот ағымдағы жылдың ақпан айында Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын бастады.Айыптаушылардың сауалнамалық деректері, әрбір сотталушының тағылған айып бойынша ұстанымы анықталды, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі. Жаппай тәртіпсіздікке шақыруымен байланысты эпизод қарастырылды, сондай-ақ жәбірленуші М.Дывтың мүлкін ұрлау фактісі бойынша эпизодты қарау басталды. Осы эпизодтар бойынша сотталушылар кінәсін толық мойындап, айғақтар берді. Сот тарапынан процеске қатысушылардың аудармашылармен қамтамасыз ету, сотталушылардың туыстарын қосымша қорғаушы ретінде тану туралы өтініштеріне рұқсат берілді.Сот талқылауы жалғасуда, дәлелдемелерді зерттеу процесі жүріп жатыр. Сот отырысы айыптаушылармен мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ашық…
Бүгін, 11 желтоқсанда Жезқазғандағы «Қазақмыс» корпорациясының мердігері – Tranco Zhezkazgan теміржол компаниясының екі жүзден астам жұмысшысы митингіге шықты. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады. Азаттықтың мәліметінше, жұмысшылар еңбек жағдайына наразы. Олар айлықты екі есе көбейтуді, жылына бір рет 13-жалақы төлеуді, емделуге жұмсаған шығынның орнын толтыруды, вахталық іссапарға шыққаны үшін тәулігіне 3000 теңге төлеуді талап етеді. Олармен Жезқазған қаласының әкімі кездескен. Компанияның жергілікті басшылығы жұмысшылар көтерген мәселені қарастыруға уәде еткен. Бірақ наразылар «Қазақмыс» корпорациясы басшылығының келуін талап етіп отыр. «Қазақмыс» корпорациясы — Қазақстанда мыс өндіретін ең ірі кәсіпорын. Бұл корпорация мыстан өзге алтын, күміс, қорғасын шығарады. Корпорацияға елдегі ең бай адам Владимир…
Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында барлығы 2873 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 35,2%-ға төмендеген, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Ал былтыр бір жыл ішінде 4437 қылмыс дерегі тіркелген болатын. Айта кету керек, биыл тонау, есірткі қылмысы, қарақшылық және ұрлық қылмыстары едәуір төмендеген. Алайда ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 92,8%, қасақана өлтіру 100%-ға өсіп отыр. Мұндай қылмыстардың ашылуы былтыр 64,9%, биыл 81,5%-ға төмендеген. Өңірлік коммуникациялар қызметі
Қаланың өнеркәсіп саласы жыл соңына дейін 272 млрд. 260,2 млн. теңгеге өнім өндірмек. Былтыр бұл көрсеткіш 275 млрд. 280,2 млн. теңге болған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Ал ауыл шаруашылық саласында өнім өндіру көлемі 8 млрд. 992,3 млн. теңгені құраған. Бұдан өзге салаларда да оң өзгеріс болатынын айтты. Мәселен, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 296,4 мың шаршы метрді құрайды екен. Бөлшек сауда тауар айналымы 242 млрд-тан асады деп жоспарланып отыр. Биыл Таразда салықтан түскен түсім де ауыз толтырып айтарлық. Мемлекеттік бюджетке 41,3 млрд. теңге салық пен өзге де міндетті төлемдер түскен. Оның ішінде, облыс бюджетіне…
2020 жылы Таразда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3025 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Бүгінде оның 47-сі жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Қалған 7 үйдің кілті 2021 жылы табысталады. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында баяндады. Ал алдағы уақытта 15-ші мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары толықтай аяқталатын болса, онда 8 мың 500 отбасына арналған 190 көпқабатты үй болады. Қазір онда 35 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, 2019 жылдан өтпелі 16 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, 10 арендалық және 9 кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. -«Жоғарыда аталғандарды қорытындылай…
«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 4 нысанды іске асыруға 1 млрд. 304,0 млн. теңге қарастырылған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Қомақты қаржыға өткен жылдан қалған Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың құрылысы жүргізілді. Ал «Барысхан» алқабын сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі қараша айының соңында аяқталған. «Арай» алқабын электрмен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі мен Ы.Дүкенұлы көшесіндегі су жүйесінің құрылыстары келесі жылға жалғаспақ. Әкімнен шаһар шетіндегі саяжайлар мен тұрғын алқаптардың инженерлік инфрақұрылыммен қашан қамтамасыз етілетінін сұрадық. «Шалғай Қарасу», «Тектұрмас», «Қарасай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Шаңырақ», «Казарма», «Жиделі» алқаптарын, «Құмшағал» станциясын және осы алқаптарға жапсарлас орналасқан…
Биыл 10 қаңтарда әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын атап өту шаралары ресми түрде бастау алды. Елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегінде мем комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден аса іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар. Жамбыл облысында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай түрлі…
Абай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында өткізілетін ауқымды іс-шаралар өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты жоспарланған көптеген шаралар онлайн форматта өтті. Жамбыл облысы да ұлы ақынның 175 жылдығына орай түрлі шаралар өткізді. Жыл басында Абай шығармаларын оқу челленджінен бастап, бүгінде «Абай оқулары» республикалық байқауы, Абайдың тілі — менің тілім!, «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» челленджі, «Хакім Абай» атты ақын шығармаларының аудармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындаудан облыстық Online байқауларда облысымыздың тұрғындары белсенді атсалысып жүлделі орыннан көрінді. 24 ақпанда…
Кеше Нұр-Сұлтанда жылдың қорытынды айтысы дәстүрлі «Алтын домбыра” өз мәресіне жетті. Оған жыл бойығы айтыстарда үздік өнер көрсеткен сегіз ақын қатысты. Бас жүлдені қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов иеленді. Ол «Алтын Домбыра» айтысын үшін рет ұтқандықтан, алтын жалатылған арнайы домбыраны өзіне алды. Қазылар алқасының шешімімен, бірінші орынды Бекарыс Шойбеков, екінші орынды Еркебұлан Қайназар, үшінші орынды Серік Қуанғанұлы иеленді. Бекарыс Шойбековке «Айтыстың ақтаңгері» деген арнайы атақ та берілді. Ал Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Абзал Мақаш және Қазірет Бердіханға арнайы жүлде бұйырды. Ал Жансая Мусина Assyltas қоғамдық қорының стипендиясын иеленді.
07.12.2020, 16:46 Қызылорда облысында аудандық соттың төрғасы қол астындағы судьяны төсектесі болуға шақырған. Қарамағындағы келіншекті дегеніне көндіре алмаған сот төрағасы қудалауды бастаған, деп хабарлады Azattyq Rýhy сайты. Сайттың жазуынша, «Қорлық көрдім» деп хабарласқан Шиелі аудандық сотының судьясы Гүлнұр Құрманбайдың айтуынша, оған бастықтары қарауындағы сот істерінен пайда табуды да тапсырған. «Мен бұл заңсыздықты Қызылорданың өзінде шығара алмайтын болған соң, Шымкент қаласына келдім. Бұрынғы бастықтарым қызметінің өсуіне байланысты ауысып кетті, мен олардың тарапынан ондай әрекетті мүлдем көрген емеспін. Шиелі аудандық сотының төрағасы болып М., Қызылорда облыстық сотының төрағасы болып Қ. 2017 жылы тағайындалды. Сонда маған «Сіз қандай сұлу келіншексіз», «Сіз менімен бірге шай ішесіз…