Close Menu
    Оқылып жатыр

    «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолынан 151 сынама алынды

    14.07.2025

    Алматыда жол сапасы қатаң бақылауда: жарты жылдық жұмыс қорытындысы

    07.07.2025

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 23 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолынан 151 сынама алынды

      14.07.2025

      Алматыда жол сапасы қатаң бақылауда: жарты жылдық жұмыс қорытындысы

      07.07.2025

      Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

      05.07.2025

      Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

      05.07.2025

      Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

      02.07.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бердібек Сапарбаев «Қарахан» және «Тектұрмас» этно-тарихи кешендерін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

    Бердібек Сапарбаев «Қарахан» және «Тектұрмас» этно-тарихи кешендерін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

    Өңір тынысы 13.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Биыл Жамбыл облысында мәдениет саласында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Атап айтар болсақ өңірде«Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында алты жаңа ауылдық мәдениет үйі мен клубтар ашылады. Сонымен қатар, екі ауылдық клуб пен кітапхана жөндеуден өтеді. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ағымдағыт жөндеуден, ал Байзақ аудандық мемлекеттік мұрағаты абаттандырылады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Сейсенбі, 12 мамыр күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы жұмыс сапары барысында «Қарахан» және «Тектұрмас» этно-тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған жоспарлы жұмыстар барысымен танысты.
    Қазіргі таңда бұл нысандар еліміздің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін де, тағзым етшілер үшін де тартымды орын саналады. Алдағы уақытта тиісті инфрақұрылым тартылып, қайта жаңғырту шаралары атқарылғаннан соң олар «Айша бибі» кесенесі мен «Көне Тараз» кешенімен қатар туризмді дамытудың локомотивіне айналады деп күтілуде.

    «Қарахан» кешенінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Онда экспозиция залы өз жұмы істейді. Қазіргі уақытта «Қарахан» және «Көне Тараз» кешендерін қосатын жаяу жүргіншілер аймағын қамтитын сквер салу жобасы іске асырылуда. Қала әкімдігі мемлекеттік қажеттіліктер үшін бес жеке үйді сатып алу мәселесін қарастыруда.

    Аймақ басшысы көгалдар мен гүлзарларды отырғызып, Байзақ батыр көшесі жағынан Қарахан кесенесінің панорамалық көрінісін ашуды, ол жақтан да жеке кіреберіс салуды ұсынды.

    «Тектурмас» этно-тарихи кешені өткен жылы қайта жанданып, онда Әулиеатаға алып ескерткіш қойылып, басқа да сәулет элементтері орнатылды. Алайда, жобаны толық аяқтау үшін ол жерге көпестердің дүкендері бар ортағасырлық бекініс тұрғызып, сарқырама, жағалауды жайластыру, кешен мен кесененің арасына жаяу жүргіншілер аллеясын салу, Аңырақай және Атлах шайқастары бейнеленген барельефті қабырға орнату жұмыстары жүргізілуі керек. Ал аспалы жол салу мәселесі кешен толығымен аяқталғаннан соң қаралмақ.

    — Тектұрмастағы жұмыстарды екі кезеңге бөлу керек, алдымен абаттандыру жұмыстарын аяқтап, содан кейін бекіністің құрылысын бастаған дұрыс. «Қарахан» және «Тектұрмас» кешендеріне туристік маршруттарды ұйымдастыру, гидтер мен экскурсоводтарды оқыту қажет. Туризм басқармасы туризмді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуі қажет. Жамбыл облысы барша Қазақстан мен шетелге барынша жарнамалап, марқая көрсетуге тұрарлық тарихи нысандарға бай, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Айтқазы Қарабалаев Бердібек Сапарбаев мереке Тараз

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолынан 151 сынама алынды

    14.07.2025

    Алматыда жол сапасы қатаң бақылауда: жарты жылдық жұмыс қорытындысы

    07.07.2025

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

    05.07.2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Алматы встречает иностранных туристов памятными подарками: открытие прямого рейса Шанхай — Алматы

    01.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.