Қазақстанның теннистен ұлттық құрамасы Дэвис Кубогының 2025 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Даниядан жеңілді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.

Сенбі күні Александр Бублик пен Александр Шевченко өз матчтарын ұтылып, даттықтар есепте 2:0 алға шықты.

Жексенбі күні жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов дуэті Аугуст Хольмгрен мен Йоханнес Ингилдсенге 6:7, 3:6 есебімен жол берді. Осылайша, есеп 3:0 болып, қарсыластар жеңісті ертерек қамтамасыз етті.

Қазақстан құрамасының жалғыз жеңісін жексенбі, 15 қыркүйек күні Бейбіт Жұқаев әкелді. Ол даттық теннисші Филип Ньертомен кездесіп, 3:6, 6:4, 10:8 есебімен жеңіске жетті.

Дегенмен бұл жеңіс жалпы жағдайды өзгерте алмады — Қазақстан мен Дания арасындағы серия 1:3 есебімен аяқталды.

Exit mobile version