Әнші Джастин Бибер голливуд жұлдызы Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол 10 маусымда Twitter желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бибер Крузды октагонға шақырды. «Том, егер сен менің ұсынысымды қабыл алмаса — онда қорыққаныңды дәлелдейсің және бұдан ешуақытта құтыла алмайсың», — деп жазды әнші.
https://twitter.com/justinbieber/status/1137880621848584193?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1137880621848584193&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Fdjastin-biber-gollivud-juldyizyin-jekpe-jekke-shakyirdyi-298544%2F
Әнші UFC президенті Дана Уайтқа осы жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды. Алайда Бибердің жазбасына ирландиялық файтер Конор МакГрегор назар аударып, осы жекпе-жекті ұйымдастыруға қуана келісетінін жеткізді.
«Егер Том Круз нағыз ер болса, онда осы ұсынысты қабылдауы тиіс. McGregor Sports and Entertainment барлығын ұйымдастырады. Круз фильмде төбелескендей шынайы өмірде істей ала ма?», — деп жазды МакГрегор. Келесі жазбасында ол актер Марк Уолбергті жекпе-жекке шақырды.
