Суббота, 26 сентября

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді, деп хабарлайды Tarazy.kz

Оның кандидатурасы тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті. Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан ISSA атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді.

Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-қа жолданды.

Сайлау 2026 жылы 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиада комитеттерін біріктіреді.

Exit mobile version