Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 20 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

      20.03.2026

      Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

      19.03.2026

      Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

      19.03.2026

      Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

      19.03.2026

      Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қос өнерді біріктірген көрме

    Қос өнерді біріктірген көрме

    Мәдениет 31.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы «Жастар аллеясының» «Білім» алаңында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» атты фотопоэзия көрмесі өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Тараз қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара Жамбыл облысының 80 жылдығына арналды. Әйгілі Фирдоуси ғазалымен аталған кешті жас ақын Нұржан Қадірәлі жүргізді. Көрме әуелі ашық аспан астындағы классикалық вальспен ашылды. Содан кейін жүргізуші ортаға шығып, картиналардың бетперделерін аша жүріп өлең оқыды. Осы сәтте өңірдегі «Ақкербез» бишілер тобының ұлттық нақышта киінген арулары да барлық картиналардың бетперделерін ашып, оларды көпшілік назарына ұсынды.

    Әулиеата өңірінен қазақ әдебиетінде есімі белгілі тұлғалар көптеп шыққан. Көне заманда да Шығыс шайырларының Таразды тамсана жырлағаны тарихтан белгілі. Бұл орайда Алтынбек Қартабай өзінің тұңғыш шығармашылық көрмесін ақындардың өлеңдерімен керемет үйлестіре білуімен де ерекшеленді деуге болады. Фототілші қазақтың ару қыздары, сонымен қатар алтын күз, ақындар бейнесі, табиғат көріністері сияқты көркем көріністерді де қалт жібермеген. Ал, бұл шығармалар Жақсылық Сәтібеков, Арғынбай Бекбосын, Тынышбай Рақым, Күләш Ахметова, Серік Томанов, Маралтай Райымбекұлы сияқты ақындардың өлеңдерімен жақсы жарасым тауып, көрмені тамашалаушыларға керемет күй сыйлады. Фотопоэзия көрмесін тамашалауға келген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мұндай кештің Тараз топырағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтіп, көрме иесінің жұмысына сәттілік тіледі.

    Бұл күні Алтынбек Қартабай Жамбыл облысының 80 жылдығына орай көпшілік назарына 80 сурет ұсынды. Оның ішінде өңір тарихынан сыр шертетін туындылар да бар. «Туған жердің, қоршаған ортаның керемет сұлулығын көрмеу мүмкін емес. Мен бұл көрмеде өзімнің фототуындыларыммен қос өнерді біріктіріп, ақындар шығармашылығын да осы кешке арқау етуді мақсат еттім», — дейді Алтынбек Қартабай. Бұл күні тараздықтар түрлі тақырыптағы картиналарды тамашалап, өз әсерлерімен бөлісті.

    соңғы жаңалықтар Тараз

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026

    Ақүйден Ақордаға жеткен хат

    19.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.