Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мырзахметов Шудағы күн электр станциясының жұмысын тексерді

    Мырзахметов Шудағы күн электр станциясының жұмысын тексерді

    Өңір тынысы 04.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шу ауданындағы Жаңақоған ауылдық округінің тұрғындары үй іргесіндегі жерлерін тиімді игеруге деген талпыныстары жоғары. Олар облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасына енгендерін өздеріне берілген үлкен мүмкіндік деп санайды.

    Жаңақоғамдықтар 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізіп, жобаның басқа да бағыттарын пайдаланып, еңселерін тіктеп, тұрмыстарын түзеуге білек түре кіріспек. Бұл туралы аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың ауылдықтармен кездесуінде жан-жақты айтылды.

    Басқосу барысында аталмыш жоба аясында ауылда атқарылатын жұмыстар реті баяндалды. Округ әкімі Нәйла Қондыбаева жобаны жүзеге асырудың жүйесін нақтылау үшін әрбір аулаға түсіндіру, есеп-қисап шаралары барынша және сауалнама жүргізілгенін жеткізді.

    Айта кетейік округ бойынша жалпы 493 аула бар болса, онда барлығы 2 889 халық тұрады. Жалпы ауылдағы 493 ауланың үй іргесіндегі жер көлемі 98,6 гектарды құрайды. Бұл аулаларды сусорғыштар арқылы толығымен сумен қамту жоспарлануда.

    Бірінші бағыт-үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша окруктегі барлық отбасы қамтылмақ. Жаңақоғамдықтар негізінен қырыққабат, қияр, қызанақ егіп, екі айналымда өнім алуға ынталы. Екінші бағыт — мал шаруашылығы бойынша санақ жүргізіліп, 179 аулада малы жоқ екендігі анықталған. Жоба аясында 3 950 бас мал сатып алынуы жоспарлануда.

    Асқар Исабекұлы жобаның бағыттары бойынша аулаларды түгел қамтудың маңыздылығын айрықша атап өтті. Ол үшін несие беру шарттарын да тұғындар тарапына қарай жеңілдетудін жолдарын қапастыру керектігіне көңіл бөлді.

    Аулалардағы жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру мақсатында Жаңақоғам ауылында ауыл шаруашылығының барлық саласын қамтитын «Омар-Шу» кооперативі құрылған. Құрылым сапалы тұқым, техника тапшылығы, тыңайтқыштармен қамту, өнімдерді өткеру, агроном маман ұстау секілді өзекті мәселедерді шешумен айналыспақ.

    Аталмыш кездесуде ауыл тұрғындары пилоттық жобаның бірқатар механизмдеріне қатысты сауалдарын жолдап, нақты жауаптар ала білді. Асқар Исабекұлы пилоттық жобаның тиісті қаражатын бөлуге қатысты ҚР Үкіметінің нақты шешімі шыққанын тілге тиек етіп, баянды бастамаға барынша жұмыла кіріскенде ғана жемісті нәтижеге қол жеткізуге болатынын баса айтты.
    Аудандағы жұмыс сапары барысында аймақ басшысы бірқатар нысандарға бас сұқты.

    Өңір басшысы Асқар Мырзахметов Шу ауданындағы жұмыс сапары аясында «M-Kat Green» ЖШС күн электр станциясы «ШУ-100 МВт» жобасының құрылысын барлады.

    Күн электр станциясының құрылыс жұмыстарына 500 гектар жер телімі берілген. Жобаны желтоқсан айында өтетін республикалық телекөпір арқылы тікелей эфирден көрсету жоспарлануда. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 45 пайызы аяқталып, қажетті жабдықтардың 70 пайыздан астамы жеткізілген. Жобаның операторы «KEGOK» АҚ болғандықтан, жеткізілген қуаттың барлығы аталған операторға сатылатын болады.

    Аудандағы жұмыс сапары барысында Асқар Исабекұлы «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында жоба жүргізуге ниетті кәсіпкерлермен кездесті. Басқосу барысында аймақта салынатын «Қызылша» ЖШС-нің Қант зауыты және «Farm Frites» ЖШС-нің «фри картофелі өндірісінің» жоспарлы жұмыстары баяндалды. Өндірістердің құрылыстарын бастауға тұсау болып отырған мәселелер айтылды.

    Жер мәселесінің шешілуіне ықпал ететінін айтқан аймақ басшысы қант зауытының құрылысын уақыт созбай бастауды тапсырды. Өз кезегінде жоба иелері зауыттың іргетасын қалауға осы жылдың қазан айынан кірісетіндеріне сендірді. Тәулігіне 8 мың тонна қант қызылшасын өндеуге қауқарлы кәсіпорын 2022 жылы толығымен іске қосылады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарына 500-ге жуық адам тартылмақ.

    Тараз Шу ауданы

    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

    03.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.