Нью-Йорктің Манхэттен ауданында 54-қабатты кеңсе ғимаратының шатырына тікұшақ соғылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың өрт сөндіру басқармасына сілтеме жасап.
«Нью-Йорк өрт сөндіру басқармасының қызметкерлері Жетінші авеню, 787 мекенжайына жетті. Тікұшақ қатты қонған», — деп хабарлады ведомство өкілдері Twitter желісінде.
CNW видеосында тікұшақтың бірер сәт басқарусыз ұшып келіп, апат жағдайында ғимарат үстіне құлағаны көрінеді.
Кейін ведомстводағылар бір адамның қаза тапқанын хабарлады.
