Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 21 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университеті Наурыз тойын тойлады

      20.03.2026

      Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

      20.03.2026

      Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

      19.03.2026

      Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

      19.03.2026

      Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Онлайн кітапхана оқырманға жол тартты

    Онлайн кітапхана оқырманға жол тартты

    Өңір тынысы 30.11.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қоғам көшінен көз жанарынан айырылған жандарды қалдырмай, ол кісілерді қоғамдық ортаға тарту мен өзін-өзі дамытуға, нығайтуға, өз бетінше ізденулерін тәжірибе жүзінде жүзеге асырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Логос» онлайн кітапхана жұмысын бастады.

    Іс–шарада кітапханашы онлайн кітапхана 2018 жылғы 12 сәуірде Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында волонтерлік жобасы аясында көру қабілеті шектеулі адамдар үшін ұйымдастырылғанын айтып, облыстың зағип оқырмандарын кітапханаға тіркеп, нәтижесін терең түсіндірді.

    Онлайн кітапханаға тіркелу — зағип оқырмандар үшін ұялы телефон арқылы әлдеқайда жеңіл. «Логос» онлайн кітапханасына біздің арнайы кітапханаға тіркелу арқылы оқырмандар 14359 автордың 69 жанр бойынша 61 мыңнан аса кітабын, 8601 диктордың кітап оқудағы еңбегімен, 11286 белсенді оқырмандар мен 110 аймақтық кітапханадан ұялы телефонмен кітап оқудың жаңа жолдарын үйреніп, әлемнің 20-дан астам тілін меңгеруге мол мүмкіншілік алады.

    Сонымен қатар, келген қонақтарға Павлодар қаласы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының 50 жылдығына орай ұйымдастырған «Біз тұратын өлке» республикалық байқауына жіберілген, туған өлкеміздің тарихынан шыр шертетін «Тараз — тарихымыздың темірқазығы» атты бейнеролик көрсетілді.
    Сондай-ақ көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандарға саусақ ұшымен сезіну, өздеріне тиімді құралдар арқылы қоғамдық өмірге бейімдеу арқылы, білімін толықтыру, ақпараттық сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында шығарылған тактильді кітаптарға шолу жасалды.
    Іс-шараға аудандық кітапханалардың «Зағип оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімдерінің кітапханашылары, «Қазақ Соқырлар Қоғамының» мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

    кітап кітапхана

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.