Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Президент Үндеуін Жамбылдықтар қызу қолдауда

    Президент Үндеуін Жамбылдықтар қызу қолдауда

    Өңір тынысы 28.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әлемді әбігерге салған індетті ауыздықтау өз елімізге де оңай соққан жоқ. Бірінші кезекте елдің амандығы, аурудың таралмауы басты қаперге алынды. Осы ретте мемлекетімізде сақтық шаралары күшейтіліп, төтенше жағдай режимі енгізілді.

    Жұмбақ аурумен күресу мақсатында тиісті шаралар қолға алынып, елдегі ахуал бақылауға алынды. Соның арқасында халық қатты зардап шеге қойған жоқ. Жағдай әлі де бақылауда болмақ. Десе де күні кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған мәлімдемесі арқылы 11 мамырда Заңға сәйкес төтенше жағдай аяқталатынын айтып, жұртшылықтың көңілін орнына түсіргені анық. Мұны Жамбыл облысының зиялылы қауымым мен ақсақалдары, халық қалаулылары мен шаруалар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған мәлімдемесіне орй білдірген пікірінен аңғаруға болады.

    Мәселен, «Қазфосфат» ЖШС директоры, «Қазақстанның Еңбек Ері» Мұқаш Ескендіров: «Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде кез келген саланың қолдаусыз қалмайтынын жеткізді. Соның ішінде 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілдеріне несиелерін кейін төлеу үшін мүмкіндік беріліп отыр. 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалуы, шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлу де халыққа жасалған айрықша қолдау деп білемін. Сонымен қатар жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетілмек. Ел азаматы ретінде Қасым Жомарт Кемелұлының батыл қадамдарын шын көңіліммен қолдаймын. Көпшілікті тәуелсіз еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан игі шараларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын», – деді Мұқаш Зұлқарнайұлы.

    Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Президентіміздің мәлімдемесін облыстық ардагерлер кеңесі мекемесінің зиялы қауым өкілі Akorda.kz сайтынан оқып, қызу қуаттағанын жеткізді.

    – Құрметті облыс тұрғындары, елімізге ғана емес, әлемге төнген қауіпті дерт халықтың санасын да елдің экономикасын да бір сілкінтті. Барлық шектеулер мен қауіпсіздік шаралары тек халықтың қамы үшін екендігін жұрт болып ұғыну тиіспіз. Карантин шарасының көбі кетіп, азы қалғанда шыдамдылық танытайық. Түптеп келгенде бұл іс-шара Сіздер мен біздердің амандығымыз үшін жасалып отыр, – деп, халықты сабырлыққа үндеді.

    «Зылиха» шаруа қожалығының жетекшісі Керімқұл Бегалиев: «Мемлекет тарапынан халқымыздың амандығы мен денсаулығы үшін көптеген шаралар қолға алынды. Халықтың жағдайын ескеріп, мемлекеттік әлеуметтік көмектер көрсетілді. Бұл игі істердің барлығының куәсі болып отырмыз. Ондай шаралардың ішінде шаруа қожалықтар да ұмыт қалмады. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін бар жағдай жасалуда. Мемлекет басшысының осы мәлімдемесінде барлық азаматтарға төзімділік пен шыдамдылық, түсіністік танытып отырған жандарға алғысын білдіруі де кісілікке жатады.

    Біз шыдамдылық пен төзімділікті ұстанған халықтың ұрпағымыз. Сол себепті де бүгінгі күні бойымыздағы асыл қасиетіміз сабырлық аса қажет болып отыр. Індет жойылып, еліміздегі төтенше жағдай алынып, мамыражай өмірімізге оралатынымызға сенім мол. Ол үшін біз де өз тарапымыздан мемлекетімізге қолдау білдіріп, әрекет етуіміз керек» – деді ол.

    Осы ретте Жамбыл облыстық «Жібек жолы жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісі Аяулым Расылқан да өз пікірін білдіргенді жөн көріпті. Ол мемлекет Басшысының мәлімдемесінен осы күнге дейін 4 миллион 250 мың қазақстандыққа қаржылай көмек көрсетілгенін, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылса, барлығы 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтылғалы отырғанын, сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам азаматқа коммуналдық төлем үшін көмек көрсетілетінін оқып, қуанғанын әсерлі жеткізген.

    – Біз осынау сын сағатында ерікті ретінде жағдайы төмен көптеген отбасыларға, жалғызбасты аналарға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға демеушілердің көмегімен аса қажетті азық-түлік топтамасын таратумен айналыстық. Сол кезде олар мемлекеттің жасап отырған қамқорлығы үшін өз алғыстарын айтып жатты. Алдағы мамыр айына да жұртшылық 42500 теңге алатын болды. Бұл індетке байланысты табысынан айырылған кәсіпкерлер мен жұмыссыз қалған қызметкерлер үшін қуанышты хабар екені анық, – дейді Аяулым Расылханқызы.

    Жамбыл жұртшылығының Мемлекет басшысының мәлімдемесіне орай білдірген пікірі, қолдауы жамбылдықтардың ел ертеңіне селқос қарамайтынын аңғартады.

    карантин қайырымдылық Қасым-Жомарт Тоқаев

    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.