Пятница, 9 октября

Қазақ футболының ардагері, тәжірибелі ойыншы әрі бапкер Марат Жалғасұлы Есмұратов 65 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Tarazy.kz

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтты.

«Марат Жалғасұлы — отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында жеті мәрте алаңға шыққан. Кәсіби еңбек жолында «Мелиоратор», «Машук», «Қайрат», СКИФ-«Ордабасы», «Актюбинец», «Мұнайшы»»клубтарында өнер көрсетіп, 2001 жылы туған клубы «Қайсар» сапында футболшы мансабын аяқтады», — деп жазылған хабарламада.

Ол Қазақстан Премьер-лигасында 265 матч өткізіп, 6 гол соққан. Жаттықтырушы ретінде «Қайсар», «Ақ Бұлақ», БЖМОРСМ №2, «БТА Футзал» МФК, «Жетісу» және «Алтай» клубтарында жұмыс істеген.

Exit mobile version