Close Menu
    Оқылып жатыр

    Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

    23.03.2026

    Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

    22.03.2026

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 25 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

      23.03.2026

      Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

      22.03.2026

      Абай университеті Наурыз тойын тойлады

      20.03.2026

      Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

      20.03.2026

      Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    Жаңалықтар 02.07.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2025 жылғы 23 мамыр мен 25 шілде аралығында Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтетін А. П. Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестиваліне Қазақстан атынан «Алатау» дәстүрлі өнер театры қатысады. Театр әлеміндегі ең беделді, А санатындағы халықаралық жобалардың бірі саналатын бұл фестиваль — түрлі елдер мен мәдениеттер арасындағы шығармашылық диалог алаңы.

    Қазақстандық театр фестиваль аясында 8–9 шілде күндері сағат 20:00-де Моссовет атындағы Мемлекеттік академиялық театр сахнасында «Мәмлүк Сұлтан Бейбарыс» спектаклін ұсынады.

    «Алатау» дәстүрлі өнер театры – дәстүрлі бағытты ұстанған республикадағы бірден-бір бағыт-бағдары бөлек театр. Алғашқы ашылған күннен бастап репертуарлық ұстанымын бағамдап, тарихи шығармаларды жаңғыртып келеді. 2024 жылы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай тұсауы кесілген «Мәмлүк Сұлтан Бейбарыс» спектаклі де театр репертуарындағы өзіндік стилі, бейнелік тілі мен сахналық шешімімен ерекшеленетін қойылымдардың бірі.

    Қойылымды театрдың этно-фольклорлық ансамблі бастан-аяқ сүйемелдейді. Кәсіби музыканттардың әсерлі әуені мен жігерлі саз ырғағы спектакльдің тұтас дыбыстық партитурасын қалыптастырады. Мұнда сахнадағы оқиға желісі сөзден гөрі пластика мен әрекет арқылы беріледі. Бейбарыстың күрескерлігі мен ғаламат өмір жолы пластикалық әрекеттер арқылы көрерменге түсінікті әрі әсерлі жеткізіледі. Осы ерекшелігінің арқасында қойылым халықаралық сахнада тілдік шектеулерден тыс, кез келген аудиторияға түсінікті форматта ұсынылады.

    – Қойылымды заманауи тәсілде сахналауға тырыстық. Сұлтан Бейбарыс туралы тарихи туындылар аз емес. Алайда бізді Бейбарыстың адами болмысы, ішкі жан дүниесі көбірек қызықтырды. Оның ішкі күйзелісі мен рухани өсуі сахналық көріністер арқылы біртіндеп ашылады. Қойылымға кәсіби актерлермен қатар, театрдың бишілері, дәстүрлі әншілері мен этно-фольклорлық ансабль жұмылдырылды. Бұл – үлкен командалық жұмыстың жемісі. Чехов фестиваліне қатысуымыз — осы шығармашылық топтың бірлескен еңбегінің нәтижесі, – дейді спектакль режиссері Фархад Молдағали.

    Ал қойылымда басты рөлді театрдың белді актері, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері Әсет Есжан сомдайды. Бейбарыс бейнесі арқылы қазақтың биік рухы, батырлығы мен даналығы Мәскеу төрінде көрініс таппақ.

    Айта кетейік, биылғы фестиваль бағдарламасына 12 елден 13 театр ұжымы қатысып отыр. Олардың қатарында Аргентина, Армения, Бахрейн, Бразилия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Колумбия, Ливан, Франция және Оңтүстік Африка Республикасы бар. Фестиваль шеңберінде пластикалық театр, қуыршақ театры, жаңа цирк және дәстүрлі өнер бағытындағы қойылымдар көрермен назарына ұсынылады.

    «Алатау» дәстүрлі өнер театрының Чехов фестиваліне қатысуы — тек бір театр ұжымының емес, тұтас қазақ мәдениетінің халықаралық деңгейдегі жетістігі.

    Алатау театры Мәмлүк Мәскеу Сұлтан Бейбарыс Театр фестиваль

    Оқылып жатыр

    Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

    23.03.2026

    Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

    22.03.2026

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

    23.03.2026

    Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

    22.03.2026

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.