Вторник, 22 сентября

Қазақстанның жергілікті маңызы бар жолдарында биыл 251 адам жол апатынан қаза тапқан. Қайғылы жағдайлардың 90 пайызы Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарына тиесілі, деп хабарлайды Tarazy.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жергілікті маңызы бар жолдар әкімдіктердің құзыретіне жатады.

Бұл жолдардағы негізгі себептердің қатарында көліктердің маңдайша соқтығысуы, кедергілер мен жануарларды қағу, сондай-ақ көліктің аударылуы бар.

Министрлік Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарындағы жағдайды ерекше атап өтті.

Өңір әкімдіктеріне жол қоршауларын және жол белгілерін орнату, жол жиегін қауіпсіз ету, шұңқырлар мен ойықтарды жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар елді мекендердегі жол инфрақұрылымының жағдайы да алаңдатып отыр. Барлық жол-көлік оқиғаларының 80 пайызы және қаза болғандардың үштен бірі елді мекендерде тіркеледі.

ІІМ негізгі проблемалардың бірі жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жарықтандырудың және тротуарлардың жеткіліксіздігі екенін атап өтті.

Exit mobile version