Понедельник, 28 сентября

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Tarazy.kz ҰОК-қа сілтеп.

Отандық зілтемірші 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Алексей Чуркин жұлқа көтеруде 173 келіні, серпе көтеруде 205 келіні еңсерді. Осылайша, ол қоссайыс қорытындысы бойынша 378 келіні бағындырып, күміс жүлдеге ие болды.

Алтын медальді Солтүстік Корея өкілі Ро Кван Рёль жеңіп алды (379 (165+214) келі). Ал қытайлық Чэнь Шуньнань қола жүлдегер атанды (374 (163+211) келі).

Айта кетейік, Алексей Чуркин жұлқа көтеруде 173 келіні еңсеріп, бұған дейінгі әлемдік рекордты бір келіге жаңартты.

Exit mobile version