Вторник, 22 сентября

8-10 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

Мамандардың болжамынша, алдағы күндері солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін жылынады.

Оңтүстік облыстарда күн одан әрі ысып, +35…+41 градусқа дейін жетеді. Батыс және орталық аймақтарда да аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар, кезең соңында еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ түсу ықтималдығы бар.

Синоптиктер тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында сақтық шараларын сақтап, мүмкіндігінше көлеңкеде болуға кеңес береді.

Exit mobile version