Қырғызстанның бұрынғы МҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиев елге оралып, Ішкі істер министрлігінің Бас тергеу басқармасында жауап беріп жатыр. Бұл туралы бірнеше жергілікті БАҚ жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Kaktus.media дерегінше, ол жерге таңғы сағат 10 шамасында барған. Қазір Қамшыбек Тәшиев ІІМ-нің Бас тергеу басқармасы ғимаратында.
Ал 24.kg мәліметіне қарағанда, Қамшыбек Тәшиев екі қылмыстық іс бойынша куә ретінде тергеу шараларына шақырылған. Ол тергеушіге адвокатымен бірге кірген.
Айта кетейік, 10 ақпанда Қырғызстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылды.
