Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ерболат Досаев “Самұрық-Қазына” қорындағы лауазымынан да айырылды

    02.04.2026

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 2 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ерболат Досаев “Самұрық-Қазына” қорындағы лауазымынан да айырылды

      02.04.2026

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қытайдан қорықсақ, Айға көшіп кетейік — Абай облысының әкімі

    Қытайдан қорықсақ, Айға көшіп кетейік — Абай облысының әкімі

    Жаңалықтар 08.12.2025
    Абай облысының әкімдігі
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытай инвесторларына қарсы бағытталған әрекеттер заңсыз екенін айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Журналист Жомарт Жұмагелдин таратқан видеода әкім Қытайдан “қорқу” немесе оларды қоғамдық жау ретінде көрсету ел мүддесіне қайшы әрекет екенін атап өтеді.

    “Қытайдан қорқатын болсақ, онда жерді тастап Айға немесе Марсқа көшіп кетейік. Қытай азаматтарына “неге қазақша сөйлемейсің” деп тиісу — заңсыз. Ертең ондай адамдар сотталады. Халықты шатастырып, қытайларға қарсы қоюға болмайды. Керісінше, сіздер сол қытайларға көмектесулеріңіз керек. Мысалы, оларды ұрып-соғып, кеше TikTok-та видеоға түскен екі адам қамауға алынды”, — дейді ол.

    Әкім шетелдік компаниялардың өңірге келуі өндірістік жобалардың іске асуына жол ашатынын жеткізді.

    “Бүкіл әлем Қытайдың инвестициясына зәру, сол үшін таласып жатыр. Біз көрші тұрған Қытайдан инвестиция тартпасақ, ақша іздеп енді Италияға барамыз ба?! Сондықтан қытайлық компаниялар келіп жатса, олар босқа келіп отырған жоқ. Олар біздің жолымызды салайын деп жатыр. Егер олардың талаптарына сай жұмыс істей алсақ, жергілікті мамандарды неге тартпасқа? Әрине, тартамыз. Бірақ негізгі техникалық мамандар — қытайлықтар, ал дипломы жоқ жергілікті азаматтар қара жұмысқа алынуы мүмкін. Егер халықтың білімі болса, оларды да негізгі жұмысқа қабылдаймыз”, — деп қосты ол. 

    Сонымен қатар Берік Уәли теміржол құрылысы жобасына қатысты пікір білдіріп, бірнеше жыл бойы жүзеге аспаған жобаны Қытай тарапымен іске асыру мүмкіндігі пайда болғанын атап өтті.

    “Қытайда ақша бар. Біз бұл теміржолды талай жыл саламыз дедік, бірақ ешкім кіріспеді. Енді соны қытайларға салдырмақпыз. Қайта Мемлекет басшысы мен Си Цзиньпинге рақмет, екі ел арасындағы барыс-келіс үшін визасыз режим енгізілді”, — деді ол.

    Абай облысы Берік Уәли Қытай

    Оқылып жатыр

    Ерболат Досаев “Самұрық-Қазына” қорындағы лауазымынан да айырылды

    02.04.2026

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ерболат Досаев “Самұрық-Қазына” қорындағы лауазымынан да айырылды

    02.04.2026

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.