Еліміздің шығысы Өскемен қаласында қыздар арасында бокстан республикалық «МЫҚТЫЛАР ТУРНИРІ» өткенді.
Жамбыл облысының намысын қорғаған бұрымды былғары қолғап шеберлері 4 алтын, 5 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, аталған турнир Азия чемпионатына іріктеу жарысы болып табылады.
Облыс құрамасы сапында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:
Бакытбек Аружан (36 кг)
Вайдеман Валерия (50 кг)
Абдрахманова Жанерке (52 кг)
Турсынбек Диляра (60 кг)
Танкибаева Айым (40 кг)
Романенко Алёна (52 кг)
Тынышбек Мерей (56 кг)
Шарипова Русалина (58 кг)
Орынбайқызы Айгерім (60 кг)
Дауылбай Карина (38 кг)
Әшірғали Жұлдызай (60 кг)