Close Menu
    Оқылып жатыр

    Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты

    16.01.2026

    Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қызды алып қашып, зорлық-зомбылық көрсеткен

    16.01.2026

    Астанада марқұм Ақнәр Хамиттің анасы полицияға жеткізілді

    15.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 16 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты

      16.01.2026

      Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қызды алып қашып, зорлық-зомбылық көрсеткен

      16.01.2026

      Астанада марқұм Ақнәр Хамиттің анасы полицияға жеткізілді

      15.01.2026

      Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам елден кешірім сұрады

      15.01.2026

      Шымкентте базар күзетшісі шетелдік студентке тиіскені үшін жауапқа тартылды

      15.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қызды алып қашып, зорлық-зомбылық көрсеткен

    Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қызды алып қашып, зорлық-зомбылық көрсеткен

    Ел іші 16.01.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қызды өз еркінен тыс алып қашқан. Бұл туралы жәбірленуші мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    EGov.press телеграм арнасы ұсынған мәліметке сүйенсек, Шымкент қаласының 17 жастағы тұрғыны өзіне қатысты ауыр қылмыс жасалғанын мәлімдеген. Айтуынша, өзін бұрын-соңды көрмеген ер адам бірнеше серігімен жол бойынан күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып қашқан.

    “Мүлдем танымайтын ер адам алып қашты. Кейін оның мақсатын түсіндім, мені әйел қылып алмақ болған. Артынша мені Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына алып барғанын білдім. Үйге кірген кезде олардың туыстары мен жеңгелері орамалдарын ала жүгіріп, балалары отшашу атып жатты. Алып қашу сәтін камераға түсіріп жүрген адамдар да көп болды. Сол кезде бұл әрекеттің алдын ала жоспарланғанын түсіндім”,  — дейді ол.

    Жәбірленуші ата-анасының ол кезде қасында болмағанын күдіктілер біле тұра, жағдайды әдейі ұйымдастырғанын айтады.

    “Мен бірнеше рет 17 жаста екенімді айтып, ата-анама хабарласу керегін талап еттім. Алайда соған қарамастан, олар мені күштеп өз үйлеріне кіргізді”, — деп қосты ол.

    Кейін күдіктілер телефонын тартып алып, өз еркімен барғанын және ешқандай мәжбүрлеу болмағаны туралы қолхат жаздыруға тырысқан.

    “Егер қолхат жазбасам, телефонымды бермейтіндерін айтты. Мен қолхат жазбайтынымды айтқаннан кейін, олар мені жыныстық қатынасқа мәжбүрледі”, — дейді жәбірленуші.

    Сонымен қатар күдіктілер айтқандарына көнбесе, қамап ұстайтындарын айтқан.

    “Олар бұл әрекеттерін “қазақшылық”, “дәстүріміз осындай”, “бұл үйден қыз болып шықпауың керек” деп ақтауға тырысты. Сонымен қатар ары қарай оқуға бармайтынымды, бұл үйден шықпайтынымды айтты”, — дейді ол.

    Жәбірленушінің сөзінше, мәжбүрлі түрде жыныстық қатынасқа түсіргеннен кейін, олар төсек жаймасын алып, келесі бөлмеде отырған жеңгелеріне барып “сүйінші” сұрап, өздерінше тойлаған.

    “Ал болған зорлық-зомбылықтан кейін менің қандай күйде болғаным ешкімді қызықтырмады, ешкім жағдайыма мән берген жоқ”, — дейді ол.

    Жәбірленуші араға ұзақ уақыт салмай күдіктілердің үйінен қашып кеткен. Алайда содан бері бұл іс бойынша ешкім тергелмеген әрі жауапкершілікке тартылмаған.

    “Қазіргі таңда мен анам мен бауырларымның жанындамын. Маған қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ осы болған оқиғаға қатысы бар барлық адамның қатаң жазаланғанын сұраймын”, — деді ол.

    алып қашу зорлық Шымкент

    Оқылып жатыр

    Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты

    16.01.2026

    Астанада марқұм Ақнәр Хамиттің анасы полицияға жеткізілді

    15.01.2026

    Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам елден кешірім сұрады

    15.01.2026

    Шымкентте базар күзетшісі шетелдік студентке тиіскені үшін жауапқа тартылды

    15.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты

    16.01.2026

    Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қызды алып қашып, зорлық-зомбылық көрсеткен

    16.01.2026

    Астанада марқұм Ақнәр Хамиттің анасы полицияға жеткізілді

    15.01.2026

    Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам елден кешірім сұрады

    15.01.2026

    Шымкентте базар күзетшісі шетелдік студентке тиіскені үшін жауапқа тартылды

    15.01.2026

    Астанада 7 жасар шөбересін зорлаған 82 жастағы зейнеткерге сот үкімі шықты

    15.01.2026

    Ирандағы ахуал ушығып барады: қаза тапқандар саны 12 мыңға жетті

    15.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.