Бүгін Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының ашылу салтанаты өтті.
Жарыс радиомен басқарылатын авто модельдер, автотрассалық модельдер, әуе модельдері, кеме модельдері, зымыран модельдерінің кластары бойынша жүргізілуде.
Сайыс соңында «Үздік өнертапқыш», «Алтын зымыран», «Үздік техник», «Үздік кеме құрастырушы», «Үздік көлік құрастырушы», «Үздік әуе модельдеуші» номинациялары бойынша үздік қатысушылар анықталатын болады. Барлық қатысушыларға сәттілік!
