Румынияның Бухарест қаласында 21–27 қыркүйек аралығында тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

Әлемдік додаға 14 елден 80-нен астам спортшы қатысып, классика, рапид және блиц түрлері бойынша бақ сынады. Қазақстан құрамасы үш бағытта да ел намысын абыроймен қорғап, зияткерлік ойынның жоғары деңгейін көрсетті.

Чемпионатқа қатысқан барлық спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс айтамыз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Осындай халықаралық жарыстар тоғызқұмалақтың әлемге кеңінен танылуына жол ашады.

Exit mobile version