«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ)– Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ұлттық ірі компаниялардың бірі. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің 4-і бекіткен «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» № 492 Қаулыға сәйкес құрылған. 2008-ші жылдан бері «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Бірақ компанияның басты құрылымы өткен ғасырдың 90 жылдарының ортасында тұр. Бастаптапқыда Ұлттық банктің бір құрылымы болып саналатын бұл ұйым 1996 жылы еншісін алып «Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы» ЖАҚ болып құрылған болатын. Алғашқыда банктік қаржы ұйымдары үшін байланыс қызметтерін көрсеткен болатын. Компания алғашқылар қатарында электронды почта қызметтерін, интернет байланыстарын мемлекеттік органдар мен қатар жеке компанияларға көрсетеде бастады. Кейн 2000 жылы атауын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы болып аусытырлып, ақпараттандырудың дамуымен байланысты компанияның жұмыс кеңістігі ұлғайып жаңа тың жобалар ұсына бастады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» мемлекеттік органдар үшін ведомствоаралық және үлгі ақпараттық жүйелерді сүйемелдейді және дамытады, ведомстволық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді құрастыру мен пайдалану кезінде технологиялық және методологиялық көмек көрсете бастады. «ҰАТ» АҚ құрылған сәттен бастап IT-жобаларды басқару қызметтерін электронды үкімет пен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, енгізуге және пайдалануға дейін іске асырып келеді.
Сол жобалардың Жамбыл облысында іске асыруда Жамбыл облыстық ақпараттар технологиялар орталығы «ҰАТ» АҚ-ң бір құрылымы болып ашылды. Чукенов Мухиддин басқарған орталықта бастапқыда 7 маман жұмыс атқарды. Жыл өте жаңа жобалардың көбейуімен штат саны жылдан жылға артып отырды. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық ақпараттар технологиялар орталығын «ҰАТ» АҚ-да 33 қызметкер жұмыс атқарады.
«Компания Қазақстан республикасы аумағында «электрондық үкімет» порталы, электрондық лицензиялау, Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін біріктірілген интеграцияланған ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдардың электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесін, мемлекеттік деректер базасын («Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Жылжымайтын мүлік регистрі», «Мекенжай регистрі») құру мен дамыту сияқты ірі жобаларды басқаруға тікелей қатысып келеді. Сонымен қатар Жамбыл облыстық ақпараттар технологиялар орталығы «ҰАТ» АҚ Ақпараттық-коммуникация инфрақұрылымының Операторы ретінде Жамбыл облысы бойынша жоғарыда көрсеткен жобалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарып келесі жобалар бойынша да қызметтер атқарады:
• Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
• Мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы;
• Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпарттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ) ;
• «Е-нотариат» — Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
• «АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІНІҢ ЖАЗБАСЫ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ (АХАЖ АЖ) ;
• «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық пошталық жүйесі (бұдан әрі — ҚР МО БЭПЖ) ;
• «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі;
• «Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесі (ЭҮӨШ);
• «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» АЖ;
• «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (ЖТ МДҚ);
• «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
• «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;
• «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры.
Жамбыл облыстық ақпараттар технологиялар орталығында компанияның ең үлкен және ауқымды жобаларының бірі Деректерді өңдеу орталығы құрылған. Бұл жоба ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жалға беру – өңдеудің есептеуіш ресурстарын орналастыру, сақтау, ақпаратты жіберу үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жалға алушысына төлем арқылы уақытша иеленуге және пайдалануға берілетін түрде ақпараттық-коммуникациялық қызмет ретінде қолданысқа берілген. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жалға беру аясында келесі қызметтерді көрсетеді: Co-location – мемлекеттік органдардың серверлерін орналастыру – серверлік орталығындағы (СО)серверлік бағандарында немесе өңірлік деректерді өңдеу орталықтарында (ӨДӨО), ҚР мемлекеттік органдарының серверлік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды орналастыру үшін орын беру. Серверлер хостингі – виртуалды машинасын бөлу қызметі қызмет алушының сервистері мен жүйелерін Оператордың СО-да немесе ӨДӨО-да орналастыру үшін операциондық жүйесі орнатылған, бір виртуалды сервер шеңберінде сұрау салуы бойынша масштабталған есептеуіш инфрақұрылымы болып саналады. Бұл жобаның тиімділігі мемлекеттік органдарға серверлік инфраструктураны соғуының қажетілігі жоқ болғаны мен оған кететін ақшаның үнемділігінде болып табылады.
Сонымен қатар мемлекеттік органдардың серверлік сүйемелдеу жұмыстарына араласу қажеттілігі де керегі жоқ. Бұл орталық барлық жаңа талаптарға сай салынған. Өрт қауіпсіздігі, бейне бақылау және серверлік орталықтың салқындату инфракструктурасы 2-ші қауіпсіздік деңгейне сәйкес келеді. Деректерді өңдеу орталығында Жамбыл облыстық ақпараттар технологиялар орталығының жоғары дәрежедегі мамандар жұмыс атқарады.
Жамбыл облысы аумағында Жамбыл облыстық ақпараттар технологиялар орталығы «ҰАТ» АҚ-мы мемлекеттік органдарға, олардың аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарға байланысты ұйымдастыру қызметтерін келесі келесі байланыс қызметтерінде жоғары деңгейде жұмыс атқарып келеді. Сол жұмыстар тізімі:
— сымсыз/жерсеріктік/жерүсті инфрақұрылымы негізінде, мемлекеттік органдарының біріңғай көлік ортасы (МО БКО) арқылы, «Виртуалды дербес желсі» технологиясы бойынша деректерді табыстау;
— Интернетке қатынау, IP-телефония;
— Желіаралық қауіпсіздігін ұйымдастыру.
— Бейнеконференц-байланыс сеансын өткізуді ұйымдастыру қызметі
— Онлайн көрсетілім өткізуді ұйымдастыру қызметі.
— мемлекеттік органдарының, ақпараттандырудың криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) қолдана отырып, қорғалған байланыс арнасын ұйымдастыру қызметі.
Біздің орталық Жамбыл облысы және де Қазақстан Республикасы (ҚР) бойынша жоғары лауазымды тұлғалары, ҚР жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдары үшін бейнеконференц байланысы қызметін көрсетеді, ТМД шеңберінде, Еуразия экономикалық комиссия, Еуразиялық банкті дамыту және басқалары шеңберінде шет мемлекеттерінің қатысуымен бейнеконференц байланысы қызметін көрсетеді.
Орталық құрылғаннан бері «ҰАТ» АҚ барлық дерлік үлкен немесе кіші жобалары бойынша Жамбыл облысы бойынша үздіксіз қызмет атқарып келеді. Хажым Нұржан басқаратын ортылықтың 23 жыл қызметтік өтінімі бар, өз істерінің хас шеберлері Харчук Г., Мулюков Ф., Игисинов Б., Шарипханов С. , 15 жылдай орталық қызметкелері болып келе жатқан Даулетбаков Г., Тезекбаев А. сияқты мамандарды атап өткенім жөн. Бұлардан басқа да қызметкерлерде жұмыс талаптарына сай жоғары деңгейдегі мамандар. Орлықта коллектив өте жақсы әрі достық қарым қатынаста. Компанияның алға қойған мақсаттарын және де жобаларын сүйемелдеуде үлкен жұмыс атқарып, Жамбыл облысы мен ҚР дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан орталық.
ЖО АТО «ҰАТ» АҚ
инженері Мамыров Б.К.